$ 494.87  520.65  4.91

Ертең еліміздің басым аймағын жылы да қалыпты ауа-райы күтіп тұр

Қазақстанның Солтүстігіне жаз келді. Қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр жеке аудандарда жауатындығына қарамастан, температура жазға сай түнде +12...+20º, күндіз +25...+33º, деп хабаралйды «Қазгидромет».

Осындай ауа-райы батыс облыстарында 5-6 тамыз, шығыста 6-7 тамызда күтілуде. Қалған аумақтарда ала бұлтты, жауын-шашынсыз және ыстық - оңтүстікте және оңтүстік-батыста +33...+41º, оңтүстік-шығыста +30...+38º.

Жамбыл, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің бағыты 15-20 м/с.-ты құрайды. Қостанайда түнде тұман түседі деп күтіліуде. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында да түнде және таңертең тұман күтіліп отыр.

Ал, ертең Елордада күн бұлтты болғанымен, ауа-райы қалыпты болады. Температура түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылыны көрсетеді.

Алматыда да ертең күн бұлттанады, бірақ, ауа райы бірқалыпты қалады. Температура түнде 16-18, күндіз 31-33 градус жылы болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары