$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды тұрғыны жұмыс орнынан 25 млн теңге жымқырған

Ол ЖШС басшылығы тарапынан сенімді қарым-қатынастарды пайдаланып қитұрқылық жасаған.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда кәсіпорын есепшісі 25 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қарағанды полиция басқармасының Октябрь полиция бөліміне жылжымайтын мүлік операцияларымен айналысатын ЖШС басшылығы жүгінді. Ол мекеменің шотынан 25 млн теңге жоғалғанын жеткізді", - делінген ІІМ хабарламасында.

ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы ЖШС-ге бухгалтерлік қызмет көрсеткен 46 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ЖШС басшылығы тарапынан сенімді қарым-қатынастарды пайдаланып қитұрқылық жасаған, 25 млн  теңгені заңсыз иемденген", - дейді тәртіп сақшылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары