Автомобиль Алматы қаласынан Павлодарға келе жатқан. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтарда сағат 17.08-де Ақсу қаласында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына келгенде Ленин – Ақсу тас жолында, «Нұрлы жол» көпірінен 500 метр қашықтықта тұрмыстық техника тиелген 1988 жылғы «Renault» жүк көлігі толығымен өртеніп кеткені анықталды, – дейді департаментте.Жалын 18 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт сағат 18.19-да сөндірілді. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен бір техника мен 5 қызметкер жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.