09.01.2023, 01:15

Бибісара Асаубаева Қытайда өткен турнирде екінші орын алды

Айта кетейік, өткен жылдың соңына шахматтан Алматыда өткен әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева блиц бойынша екінші алтын медаль жеңіп алды.

18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Сианьда (Қытай) өткен The Belt and Road 2023 to World Chess Woman’s Summit турнирінде екінші орын алды.

Бибісара да әзербайжандық шахматшы Гюнай Мамедзаде де 8,5 ұпайдан жинады. Алайда жерлесіміз қосымша көрсеткіштер бойынша «алтынды» әзербайжандық қарсыласына берді.

«Демалыс күндері турнирді жақсы өткіздім. Ешкімнен жеңілмедім және қосымша тағы бір ұпай алуға болатын еді. Өкінішке қарай, тай-брейкте ойнауға болмайды, сондықтан үшінші қосымша ойын бойынша (жеңіске жеткен ойын саны бойынша) екінші орын алдым. Келесі жолы партияларды соғына дейін жеткізу керек»,-деді Бибісара Instagram сторисінде.

Айта кетейік, өткен жылдың соңына шахматтан Алматыда өткен әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева блиц бойынша екінші алтын медальді жеңіп алды.

ҚазАқпарат