09.01.2023, 07:40

Алты өңірінде оқушылар мектепке бармайды

Астанада 9-сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн форматқа ауысатыны хабарланған.

Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар бірінші ауысымдағы сабақты қашықтан оқитын болды

Абай облысында Семей және Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Аягөз аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері онлайн білім алады. Қалған аудандарда сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді.

Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында 0-11 сынып оқушылары үйде қалады.

Қостанай облысында облыс орталығы мен Рудныйда, Амангелді, Жангелдин, Жітіқара аудандарында балалар мектепке бармайды.

Сонымен қатар Павлодар және Ұлытау облыстарында 0-11 сынып оқушылары және колледждің 1,2 курс студенттері қашықтан оқиды.

Еске сала кетейік, кеше Астанада 9-сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн форматқа ауысатыны хабарланған.