$ 486.44  534.31  5.06

Елімізден 1 трлн теңгеге жуық қаражат шет мемлекеттерге аударылған

Бір жылға жетпейтін уақытта жіберліген қаражаттың көбі Өзбекстан мен Түркияға аударылған
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2022 жылдың қаңтар–қараша айларында Қазақстаннан халықаралық ақша аударымы жүйелері арқылы шетелге 962,7 млрд теңге аударылған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5% - ға артық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ranking.kz-ке сілтеме жасап.  

Транзакциялар саны 2,6% - ға, 11 айда 2,3 млн-ға дейін қысқарды, бұл шетелге бір аударымның орташа шотын 391,5 мыңнан 419,9 мың теңгеге дейін ұлғайтты.   

2022 жылғы қаңтар–қарашада ХАЖ арқылы ҚР-дан шетелге аударымдар көлемінің жартысынан көбі тек Өзбекстан мен Түркияға жіберілген.  

Өзбекстанға 276 млрд және Түркияға 250,5 млрд теңге. Бұл ретте Өзбекстанға аударымдар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 0,9% - ға, ал Түркияға бірден 32,4% - ға ұлғайған.   

Аударымдардың едәуір көлемі Ресейге (175,6 млрд теңге) және Қырғызстанға (71,6 млрд теңге) кеткен.   

Грузияға аударылған қаражат көлемінің елеулі өскені байқалды: 2,5 есе, яғни 64,8 млрд теңгеге дейін. Түркия мен Грузия мобилизациядан қашқан ресейліктер үшін танымал бағыт екенін атап өткен жөн.  

Ақша аударымдары жүйелерінің ішінде 2022 жылғы қаңтар–қарашада ҚР-дан шетелге аударылған қаражаттың жалпы көлемінің 76,7% - ы тек ресейлік «Алтын тәжге» тиесілі болды: 738,5 млрд теңге. Одан кейін Contact (128,9 млрд теңге) және Western Union (59,9 млрд теңге) жүйелері келеді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары