Қарап отырсам, осындай кемпірқосақ тәрізді қызылды, жасылды түрлі-түсті түсті бұл “мереке” ЛГБТ-ның туының түсіне ұқсас екен. Соның символы.
Цветная вечеринка жайлы ақпарат оқысаң да, көбіне кемпірқосақтың түрлі-түсті түсіне ұқсас, көңіл көтеретін түстер таңдалатын мереке дейді.
Осындай қазақы болмысымызға жат дүниені өскелең ұрпақтың бойына ақырын-ақырын сіңіру үшін, көздерін үйрету үшін, осындай “цветная вечеринканы” дәріптеп жатқан тәрізді көрінеді. Осылай аңқау қазағымды соғыссыз-ақ, санасын улау арқылы “жаулап алу” деуге болады. Сырттан келген мықты идеологиялық қару.
Ұлттық иммунитетіміз әлсірген, рухани құлдыраған біз сияқты ұлттың тамырына балта шабатын дүние. Бұған қоғам болып, мемлекет болып қарсы тұруымыз керек!
Көбіміз ЛГБТ білеміз, білмейтіндерге ақпарат, ЛГБТ бұл - лесбиянкаларды, гейлер, бисексуалдар мен трансгендерлердің қысқаша атауы.
Олардың түрлі-түсті туы кемпірқосақ тәрізді. Бұл тудың түсі кемпірқосақ түсіне ұқсас. Табиғаттағы реттілікпен берілген қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк және күлгін түсті ту бірлік пен әруалуандылықты бейнелейді-мыс.
Цветная вечеринканың да мақсаты - бірігіп көңіл көтереміз, бірақ әрқайсымыз әртүрлі түсті болып келіп, өзіміздің ерекшелігімізді көрсетеміз деген ой.
Кеше жекеме шығып «цветная вечеринка мектептерде, балабақшаларда да өтеді. Тіпті ата, әже жасындағы қарияларымыз да жасап жүр» деп жазғандар көп болды.
Білім, тәрбие беретін балабақша мен мектептердің тәрбиешілері мен мұғалімдер, ақыл айтатын ақсақалдар мен ақ жаулық тағатын жастағы әжелер өскелең ұрпаққа өнеге бола алмай, адастырып жатса, “өзің диуанасың, кімге пір болмақсың?”,-дегеннен басқа сөзім жоқ.
Қалай десек те, салт-санамызға жат дүниенің өскелең ұрпақтың көзі үйреніп, бойына сіңуден аулақ болуымыз керек!
Жазда қалалық әкімдіктің жанынан өтіп бара жатсам, алаңда музыка ойнап, анниматорлардың айғайлаған дауысы естіледі. Айналасы толған бала. Ата-аналары қарап отыр. Орысша сөйлеген екі анниматор ЛГБТ туының түсіндей шүберекті, сондай түсті кубиктерді алып: "а ну-ка дети",- деп балаларды ойнатып жатыр. Ойнап отырған бала да, қарап отырған ата-аналар мәз-мейрам. Осылай түрлі-түсті жат дүниені ұрпақтың санасына сіңіріп жатыр-ау,-деген ой мәз болып отырған ата-ананың біреуінің де миына кіріп те шықпайды.
Әлемдік жаһандану жүріп жатыр. Ұлт болып сақталу оңай емес. Сондықтан ұрпақ тәрбиесінде ұсақ-түйек жоқ деп қарап, барынша сақ болуымыз керек, қазағым…
Еліктегіш, қазағым-ай, цветной вечеринканы тойлап, ұлтымыздың тамырына балта шабатын ЛГБТ өзіміз дәріптеп, бала-шағамызға үйретіп жатқанымыз қалай болды?!
Тарихшы, этнолог Тұрар Саттарқызының facebook парақшасынан