$ 487.37  532.94  5.09

«Қазақ халқы Ресейге қосылмайды!» - ақын Путинді пір тұтқан қазақтарға тіл қатты

Елімізде арлы, намысты жігіттер барда Қазақ халқы ешуақытта Ресейге де, басқасына да қосылмайтынын ұмытпаңдар!

Желіде Бағлан Ерғали есімді ақын "Путинді пір санап жүрген қазақтарға" үндеу жолдады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Путинді піріндей көріп жүрген қазақтарға айтарым. Адам баласы үшін ең қымбат нәрсе - жан екені баршамызға белгілі. Бірақ қазақта одан да қымбат, одан да асыл бір нәрсе бар. Оны қазақ "ар" деп атайды. Елімізде арлы, намысты жігіттер барда Қазақ халқы ешуақытта Ресейге де, басқасына да қосылмайтынын ұмытпаңдар! Бойында ар-ожданның ізі қалмаған адамдарды Шәкәрім атамыз былай деп сипаттайды: "Тегінде ұждансыз жан өлікке есеп, адамның кеселі жоқ мұнан кесек. Ар, ынсапсыз, мейірімсіз залымдарды, қате қылған болмаспыз хайуан десек". Яғни, арсыз адам адам емес, ол жай ғана бір ішіп-жеп, тышып жүрген хайуан! Соны ескеріп қойыңыздар!", - дейді Бағлан Ерғали.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары