$ 494.87  520.65  4.91

Батыс Қазақстан тұрғындары қақаған аязда газсыз қалды

Біраз уақыттан бері газдың қысымы шамалы, жылтырап жанып тұр.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында қатты аязда ауыл тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткенінлей, оқиға 10 қаңтар күні Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округіне қарасты Горбунов ауылында болды.

«Аталмыш елді мекенде сағат 09.25-те газ апаттық жағдайда айырылған. Салдарынан 31 абонент газсыз қалды. Сыртта 30 градус аяз. Газ құбыры «Әлия сервис» ЖШС жеке ұйымына тиесілі. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстарына аталған ЖШС-дан 4 қызметкер, 1 техника және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-дан 4 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды»,-деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар осы ауданның Трекин ауылында газ қысымы төмендеген, бригада жұмыстануда.

«Таңғы сағат 05.00-ден кете электр жарығы сөніп, 10.00-де жанды. Біраз уақыттан бері газдың қысымы шамалы, жылтырап жанып тұр», деді ҚазАқпарат тілшісіне Трекин ауылының тұрғыны Қуаныш Таубаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары