$ 481.84  531.33  5.07

Шымкент – Самара тас жолында отқа оранған фураны жүргізушінің өзі өртеп жібергені белгілі болды

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ақтөбеде жүк тасымалдаумен айналысып жүрген жігіт жалға алған жүк көлігін өртеп, қымбат тауарды иемденбек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылдың соңында ол Алматыдан тауар тиеп, оны Мәскеуге жеткізуге жолға шыққан. Ақтөбеге жеткенде ол жүк көлігінің ішіндегі заттарды иемденіп қалуды ойлайды.

Осы оймен 3 қаңтарда күдікті Маржанбұлақ ауылында тұратын туысының үйіне жүктің бір бөлігін (шамамен 70%) түсіріп кеткен. Сонан соң Самара – Шымкент тас жолына шығып, ауылдан 40 шақырым жерде қалған жүкпен қоса жүк көлігінің тіркемесін өртеп жіберген.

Тауар иесі жүк көлігінде электроника, ұялы телефондарға арналған аксессуарлар, телефон қуаттағыштар сынды 146 миллион теңгенің тауары болғанын айтты.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігімен ("Алаяқтық") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары