11.01.2023, 10:40

Павлодарда өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Фото: ашық дереккөз
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Павлодарда өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 10 қаңтар күні сағат 14:25-те 101 пультіне Набережная көшесі, 5 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 

«Оқиға орнына келген кезде бір бөлмелі пәтерде жалпы ауданы 6 шаршы метр үй заттары мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрт орнынан 1960 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», - деді Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Тілекжан Галямов.

Тілсіз жау сағат 14:51-де ауыздақталып, сағат 15:00-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен 8 бірлік техникасы, медицина және апаттар орталығының 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.