11.01.2023, 11:20

Елнұр Бейсенбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Фото: ашық дереккөз
Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, Е.Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Е. Бейсенбаев өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, Е.Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы қызметіне Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев тағайындалған.