Бұл туралы қалалық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған», - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының Facebook парақшасында.
Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды», - делінген ведомство хабарламасында.