13.01.2023, 11:20

Заң күшін жойды: Назарбаевта не қалды?

Фото: ашық дереккөз
Оның ар-ожданы, мәртебесіне қол сұғуға болмайды.

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Экс-президенттің жеке қолсұқпаушылығы (жөніндегі артықшылығы) қалды. Оның ар-ожданы, мәртебесіне қол сұғуға болмайды. Оған қол сұғу заңмен қудаланады», – деді Азамат Есқараев мәжіліс кулуарында.

Журналистер одан «Назарбаевтың отбасы мүшелерінің қылмысы айқындалып жатса, олардың үстінен қылмыстық іс қозғауға бола ма?» деп сұрад. Министр ол сауалға «заңмен ондай кепілдіктер көрсетілмеген» деп жауап берді.

Еске сала кетсек, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысына «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті - Елбасы статусы» жөніндегі Конституциялық заңның күшін жою жөніндегі заң жобасы екі оқылымда да мақұлданды. Енді құжатқа президент қол қоюы тиіс.