$ 481.84  531.33  5.07

Назарбаевтың туыстарын қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма?

Назарбаевтар әулеті қарапайым азаматтар қатарына қосылып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс кулуарында депутаттарға осы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісмен Айдос Сарымның айтуынша, бұл – жаңа заңдық жағдай. Яғни Назарбаевтың туыстарын бұрын прокуратура тексере алмайтын. Ал қазір олар «сіз бен біз» сияқты қарапайым азаматтарға қатарына қосылып отыр. Бүгін біреуді көлікпен қағып кетсе, жауап береді. Ал ол қылмыстар бұрын жасалса, ол мәселені Конституциялық сот дәрежесінде шешу керек.

Ал депутат Ерлан Сайыров «егер туған-туыстарының заң алдында жауапкершілігі болса, олардың заң жауапкершіліген тартылуы қажет» екенін мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары