Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқаруы керек» деген депутаттың ұсынысына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл туралы бізде арнайы жұмыс тобы құрылды. Мәселен, шахтерлерге байланысты жазатайым оқиғаларға қатысты төлемдері бар. Біз бұл мәселені соның аясында қараймыз деп шештік. Бірақ бүгінгі таңда қолданыстағы заңда 53 жасқа келген азаматтардың 5 баласы болса зейнетке шығуға мүмкіндігі бар. Егер де жұмыс істемегеннің өзінде 4 баладан көп баласы болса, мемлекет 12 жыл еңбек өтілімді қосып береді», – деді министр.