14.01.2023, 07:36

Бүгін ауа райы қандай болады

Фото: ашық дереккөз
Түркістан облысында 25 градус қатты аяз сақталады.

Қазгидромет 14 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР аумағының басым бөлігіне әлі де Арктикалық антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасынмен жел күшейеді.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстары мен Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз сақталады. Түркістан облысында 25 градус қатты аяз сақталады.