"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жаңа төтенше жағдай болғаны туралы компания мамандары хабарлады.
"13 қаңтарда ЖЭО-2 аумағында газ жүретін жол ішінара опырылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған "АрселорМиттал Теміртау" хабарламасында. Компанияның мәліметінше, бұл оқиға ЖЭО-2 жұмысына әсер етпеген, қазір кәсіпорында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Sputnik