16.01.2023, 01:13

ХХ ғасырдың аңыз адамы

Фото: ашық дереккөз
Бразилия үкіметі «Пеле – ұлттық құндылығымыз, ешқандай да ақшаға сатылмайды» деп мәлімдеді.

Эдсон Арантис ду Насименту немесе Пеле 2022 жылдың 29 желтоқсанында 82 жасында дүниеден өтті. Ол өте кедей отбасынан шығып, жоқшылықты басынан өткеріп, әлем мойындаған футболшыға айналып, атақ пен байлықты кешіп өмір сүріп, ХХ ғасырдың аңыз адамына айналды. Түрлі баспасөз беттерінде: «ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы кім?» деген сауалнама жүргізгенде, Пеле мен Марадона есімдері қатар аталғанмен, 99 пайызында №1 Пеле деген нәтиже шығып тұрды, оған Марадона еш ренжіген жоқ, ол да Пелені мойындап, дүниеден 2020 жылы өткенше достық қатынаста болды (екеуінің фотосын салып отырмын).

Пеле бала кезінен аулада доп қуып ойнады, доп дегенде ішіне сабан толтырып тіккен лақтың терісі еді, талай рет үйінің терезесін сындырғанда анасына «ренжімеші, өскенде саған зәулім үй сатып алып беремін» дейтін. Алғашқы рет өзі тұратын қала Сан-Паулоның «Сантос» командасында 15 жасында қабылданып, айлығы 5 мың көне крузер ақшасы болғанмен сол кезде ол қомақты ақша еді, жартысын анасына жіберіп тұрды. Бірінші ойында-ақ доп соққанда, алғашқы жаттықтырушысы Валдемар де Бритоның: «Сенен әлемдегі ең күшті футболшы шығады» дегені келді. Осы «Сантос» командасымен 1958 жылы Швециядағы футболдан әлем чемпионатына қатысып, алғашқы дебюті СССР құрама командасымен кездесіп, бір де гол сала алмады, себебі, қақпашы Лев Яшин еді. Жартылай финалда Франция қақпасына гол салып, финалда Швецияның қақпасына 2 гол салды. Бұл тримуф еді, 17 жасында әлем чемпионы болып, анасына айтқан үйін сатып алып берді. Болашағы зор екенін білген, әлемнің жетекші футбол клубтары «Реал», «Манчестер Юнайтед», «Ювентус», т.б. орасан зор ақшамен шақыра бастады. Бірақ Бразилия үкіметі «Пеле – ұлттық құндылығымыз, ешқандай да ақшаға сатылмайды» деп мәлімдеді. Оңтүстік Американың барлық елдерінде өткен чемпионаттарға осы «Сантос» командасы құрамында 656 ойын өткізіп, 649 гол соқты. Аңыз!!!

Бразилияның құрама командасы сапында әлемдік кездесуде 1363 ойын өткізіп, 1281 гол соқты! 1969 жылы 1000-шы гол соққанын дүниежүзі тікелей телеэфирден көрді. 1977 жылы «Нью-Джерси» стадионындағы 77 000 көрерменнің көзінше соңғы қоштасу ойынын өткізді, көрермендер аңыз адаммен жылап қоштасты. Үш рет 1958, 1962, 1970 жылдардағы әлем чемпионатының чемпионы болды. 1966 жылығы чемпионатта жарақат алған болатын. Футболдық мансабын 37 жасында аяқтағасын, ары қарай өмірін жалғастыру үшін сауатын ашу керек болды. Кедей отбасынан шыққандықтан, ол мектепте оқи алмаған болатын. Орта мектепті бітіргендігі туралы құжат алғасын, жоғары оқу орнында оқыды. Пелеге Бразилия үкіметі спорт министрі лауазымын ұсынғанмен одан бас тартты (біздегілер болса министрдің креслосына қонжиып отырып алар еді). Ол бизнеспен айналысып, «Пеле» кофесін шығарды, естелік кітап жазды, ән шығарды, ол гитарада шебер ойнайтын. Бизнес бабымен Москваға талай рет келіп, досы Лев Яшиннің үйінде қонақта болғанда, атақты қақпашының тұрмыс деңгейін көріп, көңілі құлазыған болатын. Соңғы рет Москваға 2017 жылы Мародонамен келіп, Ресейде 2018 жылы өткен футболдан әлем чемпионатының жеребесін жасауға қатысты, сол кездің өзінде өзігінен жүре алмай мүгедек арбасына танылған еді.

Пеле бірінші жыныстық қатынасты гомосексуалист ретінде бастады, 14 жастағы Пеленің ортасы өзі сияқты доп қуған ер балалар болғандықтан, ойланбай істеген жаман әдеттен дер кезінде арылды. Жалпы ол жақта бақылаусыз балалардың барлығы да сондай сатыдан өткендіктен, оған онша мән бермейді. 1966 жылы Роземери дос Рейс Шолбиға үйленіп, Кристина, Эдисон, Женефер есімді балалы болып, 1982 жылы ажырасып кеткесін, 1994 жылы Ассирия Лемос Сейшаске үйленіп, Жошум мен Селесте есімді егіз дүниеге келіп, 2008 жылы ажырасып кетті. 2016 жылы ұлты жапон, 50 жастағы кәсіпкер Марсси Сибели Аокиге үйленді.

Пеленің өлетіні клиникада жатқанда 29 қарашадан бастап белгілі болып, денсаулығы туралы бюллетень шығарғандай күнделікті хабарланып тұрды, халық бір ай бойы іштей үнсіз қоштасып жүрді.