Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясына 56 адам шалдықты, коронавирус пневмониясы анықталған жоқ, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
16 қаңтардағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 2 159 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 011, пневмониядан (КВИ-) – 148) емделіп жатыр. Оның ішінде 220 пациент стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда аталған індетке 1 404 991 адам шалдықты, қайтыс болды - 13 843. Коронавирус пневмониясы 90 645 адамнан анықталды, қайтыс болды - 5406.