16.01.2023, 10:00

Алматы облысында оқушы қыз өзіне қол жұмсады

Жасөспірім өз үйінде асылып қалған.

Алматы облысында жетінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсағанын құқық қорғаушы Дина Таңсари Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 2023 жылдың 16 қаңтарында облыстық полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Ведомстводағылар жедел жәрдем бригадасынан кәмелетке толмаған 2009 ж тұрғынның өз-өзіне қол жұмсағаны жайындағы арыз 12 қаңтарда Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне түскен.

Сондай-ақ, облыстық полиция 6 қаңтарда да кәмелетке толмаған басқа оқушының, өз-өзіне қол жұмсаған фактісі тіркелгенің айтқан. Жасөспірім өз үйінде асылып қалған.

"Екі факті де ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Қарасай ауданы ІІД ТҚКБ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аясында барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, СМС тағайындалды. (сот-медициналық сараптама. – Ескерту ред.)" Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Басқа ақпарат, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201 бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Тегтер: Алматы суицид