$ 443.44  480.51  4.88

Универсиада-2023: Хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны 15:1 есебімен ойсырата жеңді

Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Ұлыбритания құрамасына қарсы ойнады.

Хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы Американың Лейк-Плэсиде қаласында Универсиада-2023 турнирі аясындағы үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Ұлыбритания құрамасына қарсы ойнады.

Матчтың есебін Батырлан Мұратов ашты, артынша британиялықтардан Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Содан кейін Қазақстан алғашқы үзіліске дейін 5 шайба соғып, алға шықты – Батырлан Мұратов дубль жасаса, Максим Мухаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко мен Артем Королев мергендік танытты.

Екінші кезеңде отандастарымыз қарсылас қақпасына тағы жеті шайба енгізіп, тас-талқанын шығарды. Гол авторлары – Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов (хет-трик), Руслан Демин, Әли Қасенов, Кирилл Полохов және Гавриленко (дубль).

Үшінші бөлімде Полохов матчтағы екінші шайбасын соғып, есепті еселеді – 14:1. Матч нүктесін Мұхаметов қойып, есепті 15:1-ге жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары