16.01.2023, 16:20

Қарағанды тұрғыны бесінші қабатқа атпен шыққан: Полиция пікір білдірді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр
Ер адам атпен 5-қабатқа баспалдақпен шығып, онысын видеоға түсірген.

Ат үстінде отырып, көпқабатты үйдің баспалдағымен жоғары көтерілген қарағандылық 10 күнге түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz.

Видео әлеуметтік желіде тараған. Ер адам атпен 5-қабатқа баспалдақпен шығып, онысын видеоға түсірген.

"Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 51 жастағы Шашубай кентінің тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-бабымен хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Ер адамға құқық бұзушылық әрекеті үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады", – делінген полиция мәліметінде.

 

Тегтер: ат Қарағанды