17.01.2023, 09:20

Елімізде коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

10 адамның жағдайы ауыр.

Кейінгі тәулікте 53 адамнан коронавирус анықталып, тағы бір адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 051 адам коронавирус инфекциясынан (–1 899+ және 152 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 193 пациент стационарда, 1 858 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 10 адамның жағдайы ауыр,

• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.