Өскеменде полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен Тәжікстанның құқық қорғау органдарынан ұзақ уақыт бойы жасырынып келген 27 жастағы қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Altaynews.kz басылымына сілтеме жасап.
2021 жылғы тамызда жәбірленушінің сеніміне кірген күдікті оған Латвияға виза алуға, сондай-ақ, оны көрсетілген елге жіберуге көмектесуге уәде берді.
"Күдікті жәбірленушіден 2325 доллар ақша алған. Оған қатысты Тәжікстан Республикасының Соғды облысының Ішкі істер министрлігі Тәжікстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-бабының 2-бөлігі бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау арқылы іздеу ісін қозғады", - деп түсіндірді ШҚО ІІД өкілдері.
Біраз уақыттан кейін айыпталушының Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жері анықталды. Биыл қаңтарда іздеуде жүрген ер адам ұсталып, Тәжікстан Республикасына депортацияланды.