17.01.2023, 12:40

Головкин мен Әлімханұлы әлемнің ТОП-50 боксшысының қатарына енді

Рейтинг көшбасшысы украиналық боксшы Александр Усик болды.

Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтинг көшбасшысы украиналық боксшы Александр Усик болды. Екінші орында жапондық Наоя Иноуэ. Үшіншісі сатыда - мексикалық Сауль Альварес.

Сондай-ақ үздік ондыққа Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада және Шакур Стивенсон кірді.

Қазақстандық боксшыларға келсек, World Boxing News рейтингінде Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді.

Головкин орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы болса, Әлімханұлы осы дивизионда WBO белдігінің иегері.