$ 439.43  473.31  4.82

Семейде әуежай маңында жатқан табыт тұрғындарды дүрліктірді

Ұшып кеткен не лақтырып жіберген.

Семейде мырыш табыт тұрғындарды дүрліктірді. Табытты жергілікті әуежай маңынан тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Табыт туралы ақпарат әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде тараған. 

"Мырыш табыт жатыр. Ұшып кеткен не лақтырып жіберген. Сүйектер шашылған, мұндай затты тастауға бола ма", – делінген жазбада.

Абай облыстық полиция департаментінде табыттың табылғанын растады. Дегенмен мұнда адамның сүйектері жоқ екенін мәлімдеді. 

"Ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табыт әуежайдың жанында қалды", – делінген хабарламада, 

Аталған дерек бойынша марқұмның 32 жастағы туысына елді мекен аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабымен хаттама толтырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Семей #Табыт