$ 496  588.01  6.42

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясында тағы да апат болды

ТЖ фактісі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясында бүгін апат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, 18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті. 20 м аумақ зақымданған. Зардап шеккендер жоқ, себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, өткен жылы 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртауда» апат болып, 1 адам көз жұмған еді.

Ал 28 қарашада «АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды. Сонымен қатар 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысы тоқтауы мүмкін екені айтылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0