$ 494.87  520.65  4.91

«Жарасып тұр»: Шапан киіп билеген кәріс жігіт елді сүйсіндірді (ВИДЕО)

Көпшілік тиктокерді қолдап, видео астына түрлі пікір қалдырды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақтың ұлттық киімі бүгінде трендке айналды. Оны әлеуметтік желіде қазақтың оюмен өрнектелген шапанды шетелдіктердің киіп жүргенінен байқауға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

TikTok әлеуметтік желісінде 5 миллионнан астам оқырманы бар кәріс жігіті қазақ шапанын киіп, биледі. Оның бұл видеосы трендке айналғандай.

Бейнежазбаны көрген қазақстандықтар да үнсіз қалмады. Олар тиктокерді қолдап, видео астына түрлі пікір қалдырды.

“Қазаққа күйеу бала болайын деп жүрсің бе?”, “Иықты жігітке керемет жарасады”, “Сымбатты жігіт екен”, “Қазақстанда күтеміз”, “Мына жігітті алып қашу керек”, “Қазаққа ұқсайды екен”, – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кету керек, қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, өнер көрсету трендке айналып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары