Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді және Украинадағы соғысты көпшілік алдында қолдаған Азамат Әбілдаевты Мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың өкілеттіктерінің күші жойылды деп танылсын", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 18 қаңтарда Мәжіліс депутаты "Азаттық" радиосына берген сұхбатында Ресей президенті Путинді қолдайтынын айтқан. Ол сонымен бірге Ресейдің Украинаға басқыншылығын "арнайы операция" деп атаған болатын.