$ 487.37  532.94  5.09

Қазақ боксшысы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жастар арасында әлем чемпионы С.Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Чамбай Джексонмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек Санжардың айқын басымдылығымен өтіп, ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті.

Бүгін Қазақстаннан басқа да боксшылар рингке шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бокс