$ 494.87  520.65  4.91

Жетісуда тұрғын үй өртеніп, төрт адам зардап шекті

Оның екеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
© Photo : Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі
© Photo : Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Жетісу облысында газ баллоны жарылып, 4 адам зардап шекті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның екеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

66 және 42 жастағы әйелдердің денесінің 40-50 пайызын күйік шалған. Ал тағы 61 жастағы ер адаммен 3 жастағы баланың жағдайы орташа ауыр. Олардың қол-аяқтары күйген.

«20 қаңтарда сағат 13:36-да Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жеке тұрғы үйдің бірінде көлемі 5 л. газ баллоны жарылды. Салдарынан қызыл жалын үйдің 100 шаршы метр аумағын шарпыды. Зардап шеккен төрт адам, оның ішінде бір бала ауруханаға жатқызылды. Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкері және 2 техника күшімен өрт сағат 14.15-те сөндірілді»,- делінген Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жарылыстың алдын-ала себебі - қатты отынмен жылытылатын пештің жанына 5 литрлік газ баллонын жылытуға қойған.

«ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және газ баллондарды жылыту пештерінің жанында және басқа да жылдам қыздыру тәсілдері арқылы жылытпауға шақырады»,-делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #газ #Жетісу