21.01.2023, 01:30

Ақмола облысында ер адам тереңдігі 5 метр құдыққа құлап кетті

Фото: © Sputnik / Олег Ласточкин
37 жастағы азамат абайсызда тереңдігі 5 метрлік құдыққа құлап кеткен.

Ақмола облысы Қараөткел ауылында ер адам құдыққа түсіп кетті, деп хабарлайды Sputnik.kz.  20 қаңтарда 37 жастағы азамат абайсызда тереңдігі 5 метрлік құдыққа құлап кеткен. Құтқарушыларға бұл туралы хабарлама сағат 15:08-да түскен.

Шақырту орнына келген құтқарушылар жедел әрекет етіп, тереңге түсіп, ер адамның арқасына тасымалдау көтергішін бекітіп, шұңқырдан алып шыққан.

Тегтер: Ақмола құдық