21.01.2023, 18:10

АЧ-2023: Қазақ боксшысы қарсыласын бір минутта нокдаунға жіберді

Кем дегенде қола медальдан үмітті.

Қазақстанның бокстан чемпионы Ерасыл Жақыпбеков Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында қырғыз спортшысымен қолғап түйістіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жақыпбеков қырғызстандық боксшы Бекбол Мұсабековпен жекпе-жек өткізді. Қазақстандықтың бірінші раундта-ақ жеңіске жетті. Бірінші раундта Мұратбековтың көзінің алды жырылып кетіп, оның ойынды жалғастыру мүмкіндігі шектелді. Төреші бұл жайтты нокдаун деп.

Осылайша, Ерасыл Жақыпбеков жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальдан үмітті болды. Жартылай финалда ол осы турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізетін Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевпен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек дүйсенбі, 23 қаңтарда өтеді. Ерасыл Жақыпбеков өткен желтоқсан айында ғана Қазақстан чемпионы атаған жеңіп алған болатын.