Украинадағы соғысты қолдаймын деген сөзі үшін депутаттық мандатынан айырылып, партиядан шығарылған Азамат Әбілдаев мал бағатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның сөзінше, осы қызметке дейін мал бағыпты. Енді сол кәсібін жалғастырмақ екен.
«Біздің партияның шешімі солай болды. Мені өзімнің ойымды айтқаным үшін партиядан шығарды. Мен 3,5 сағат сұхбат бергенмін. Соның ішіндегі 1,5-2 минут қана айтқанымды кесіп алыпты. Терроризмге, қан-төгіске қарсымын. Мен өзім депутаттыққа жеткенше малда болғам. Қайтадан өзімнің малымды бағамын», – дейді Азамат Әбілдаев.