Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Еламан Дәуеновтың жас отбасында Әмірхан, Әлихан және Аяла есімді үшем дүниеге келді, - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Бұл - Алматы қаласы ТЖД Өртке қарсы қызмет гарнизоны үшін қуанышты жағдай. Әріптесіне қолдау көрсету үшін сәбилерді шығарып алу рәсіміне №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі екінші қарауылының жеке құрамы және өрт сөндіру қызметі басқармасының басшылығы барды.
Жас әке атанған 26 жастағы Дәуенов Еламан Қамбарұлы мемлекеттік өртке қарсы қызметте 7 жыл қызмет етіп келеді.
ТЖД басшылығы жас отбасыға қолдау көрсетіп, ҚР заңнамасына сәйкес тиісті материалдық көмек берді.