$ 498.34  519.72  4.85

Павлодар облысында бір отбасы көмірқышқыл газына уланып қалды

Оқиғаға ұзақ уақыт бойы тазаланбаған мұржа себеп болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында бір отбасы көмірқышқыл газына уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«21 қаңтарда сағат 15.50-де 101 пультіне Павлодар облысы Басқамыс ауылындағы жеке үйлердің бірінде жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан 1976, 2004 және 2021 жылы туған үш адам көмірқышқыл газына уланып қалғаны хабарланды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, ана мен баланың жағдайы орташа ауыр.
Оқиғаға ұзақ уақыт бойы тазаланбаған мұржа себеп болған.

«Оқиға орнын тексеру барысында отбасының көмірқышқыл газымен улануына мұржаның ұзақ уақыт бойы тазаланбауы себеп болғаны анықталды. Нәтижесінде үйге көмірқышқыл газы кіріп кеткен», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Павлодар