$ 494.87  520.65  4.91

72 жастағы қария он адамды атып өлтірді

Полицияның алдын ала болжамы бойынша күдікті кейін өзін де атып өлтірген.
Фото: REUTERS
Фото: REUTERS

Лос-Анджелес маңындағы Монтерей-Парк қаласында бір адам халыққа оқ жаудырып, атыс кезінде он адам қаза тапты деп хабарлады Azattyq Ruhy агенттігі.

Қанды оқиға қаладағы кәсіпорындардың бірінің аумағында болған. Полиицияның дерегінше, күдікті адам ақ түсті «Пикап» көлігіне отырып көрші қалаға дейін қашып барған. Құқық қорғау органдары күдіктінің көлігін қоршап алғанда, ішінен атылған мылтықтың дауысы естілген. Бір жарым сағаттан кейін көлікке жақындап, есігін ашқан полиция қария адамның мәйітін көрген.

Алдын ала болжам бойынша, он адамның қанын мойнына алған адам – 72 жастағы Ху Цан Тран атты жергілікті тұрғын.

Ал телеарна арқылы осы оқиғаға қатысты мәлімет берген Лос-Анджелестегі Қытай сауда палатасының басшылығы Ху Цан Транның оқиға алдында әйелімен ұрсысып қалғанын айтқан. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кететін жайт, қаза тапқан он адамнан басқа тағы бірнеше адамға оқ тигені және олардың түрлі жарақатпен ауруханаға түскені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары