Оқиға Жетісу облысының Қаратал ауданы Қанабек ауылындағы темір жол өткелінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
Жол апатының салдарынан зардап шеккен екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді.
Оның бірі 41 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды.
Ал екінші жарақат алған 18 жастағы жасөспірім медициналық тексеруден өтіп жатыр.
Екеуі де трактордың ішінде болған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеу жұмысын жалғастырып жатыр.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.