20 қаңтарда заңгер Пралиев С., әскерге шақырылушынының өз-өзіне қол жұмсау фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабардады Полиция.
Пралиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті.
Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды.
Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды.