Жаңалықтар 24.01.2023 сағат 14:40

Жеңілдетілген автонесие: өтінім беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Біз бағдарламаны айдың аяғына дейін бастауға тырысамыз.
Жеңілдетілген автонесие: өтінім беру тәртібі өзгеруі мүмкін
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін болуы тиіс, автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа көліктер қолжетімді болуы үшін, бұл бағдарламада қымбат көліктер болмауы қарастырылған. Біз бағдарламаны айдың аяғына дейін бастауға тырысамыз", - деді Қарабаев үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, осы аптада Өнеркәсіпті дамыту қоры брифинг өткізеді, онда бағдарламаны қайта бастаудың нақты күні айтылады.

"Бұл жерде бағдарламаның тетігін қайта қарау туралы мәселе тұр. Егер бұған дейін олар алдымен автосалондарға жүгініп, содан кейін банкке барса, Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа механизмді ұсынады: алдымен Өнеркәсіпті дамыту қорына жүгінеді, онда электрон кезек болады, содан кейін автосалонға барады. Автосалондар олармен келісілген белгілі бір мерзімде көлікті ұсына алуы үшін", - деп түсіндірді министр.

Жаңа автокөліктерді ұзақ күту туралы айта келе, Қарабаев мұндай жағдай Қазақстанда ғана емес екенін атап өтті.

"Бұл кез келген елде, тіпті KIA өндірілетін Оңтүстік Кореяда болады. Сондай-ақ, кей маркалары халықтың 2-2, 5 жыл күтуіне тура келеді", - деді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар