$ 448.56  478.03  4.79

АҚШ Қазақстанға алғыс айтты

АҚШ тарапынан көмек берілетінін атап өтті.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман Қазақстанның Украинаға көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жарияланған хабарламаға сүйенсек, Америка Қазақстанның Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қолдауын жоғары бағалады.

Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық серіктестік бойынша арнаулы өкілі Ержан Қазыханмен кездескен Венди Шерман Қазақстанның АҚШ-тың аймақтағы сенімді серіктесі болуға деген ұмтылысын атап өтіп, Қазақстанмен екіжақты және C5+1 форматындағы секілді көпжақты әріптестікті жалғастыратынын атап өтті.

Одан бөлек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бастамаларын жоғары бағалап, оны іске асыруға АҚШ тарапынан көмек берілетінін атап өтті.

Еске сала кетсек, өткен жылдың наурызында Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ел үкіметі Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ доллары болатын 25 түрлі медициналық дәрі-дәрмек жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары