Жаңалықтар 25.01.2023 сағат 07:01

Бокстан АЧ: Қазақстан қыздар құрамасынан екі боксшы финалға шықты

Финал 25 қаңтар күні Астана уақытымен 13:00-де басталады.
Бокстан АЧ: Қазақстан қыздар құрамасынан екі боксшы финалға шықты
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасында бокстан Азия чемпионатының финалына Қазақстан қыздар құрамасынан екі боксшы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Олар - 70 келіде Жасмин Кизатова және 81 келіде Гүлсая Ержан.

Жасминнің қарсыласы — өзбекстандық Азиза Зорикова болса, Гүлсаяныкі - таиландық Порнипа Чути.

Финал 25 қаңтар күні Астана уақытымен 13:00-де басталады.

Еске сала кетейік, құрлықтық доданың финалына еліміздің ерлер құрамасынан алты боксшы шықты.

Олардың қатарында Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі) және Диас Молжігітов (75 келі) бар.

Финалда қазақстандық төрт боксшы өзбекстандық былғары қолғап шеберлерімен қолғап түйістіреді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар