Өткен тәулікте елімізде 72 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 750 адам коронавирус инфекциясынан (–1 608+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 117 пациент стационарда, 1 633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 6 адамның жағдайы ауыр, • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.