$ 443.85  474.3  4.8

Оңтүстік Кореяда жоғалып кеткен отандасымыз әлі табылмай жатыр

35 жастағы келіншек соңғы рет 2021 жылдың маусымында анасымен байланысқа шыққан.
Фото: astana.tv
Фото: astana.tv

Кореяға жұмыс істеуге кеткен Альбина Кабдулдина әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Сыртқы Істер министрлігі 1,5 жыл бұрын жоғалған отандасымызға қатысты осылай деп мәлімдеме жасады.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысының 35 жастағы тумасы соңғы рет 2021 жылдың маусымында анасымен байланысқа шыққан. Содан бері хат-хабар үзілді.

«Туған-туыстары өтініш білдірген болатын, іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оңтүстік Корея тарапына біздің өтінішіміз жеткізілді, іс консулдың ерекше бақылауына алынды. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін таба алмай жатырмыз. Бар үміт Корея тарапының полициясында», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Шарасыз күйде жүрген Альбинаның анасы үмітім сөнуге таяу қалды дейді. Себебі Корея елшілігі де арадағы байланысты тоқтатқан.

«Мен соңғы екі айдан бері Оңтүстік Кореяның елшілігі мен консулына «Менің қызыма қатысты деректер бар ма, жоқ па?» деп хабарласып, жазып жүретінмін. Ал олар маған жауап бермейді, тіпті елемейтін болды. Осыған дейін бір жыл бойы «іздеп жатырмыз» дейтін еді, енді солай айтуды да қойды. Мен Жаңа жылға дейін де, кейін де жаздым, бірақ бірде-бір реакция жоқ», - дейді А. Кабдулдинаның анасы Айгүл Болсаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары