Ұлттық Банкі 2023 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерін 500 млрд теңге жалпы сомада «Бәйтерек» ҰБХ» облигацияларына нарық талаптарымен инвестициялау жоспарланып отырғанын хабарлады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары халықтың келісімінсіз «Бәйтерек» холдингіне салынып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тартылған қаражатты машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларды кредиттеуге бөлуді жоспарлап отыр. БЖЗҚ зейнетақы активтері нарықтық кірістілік бойынша қайтарымды негізде беріледі.
Зейнетақы активтерін басқару нәтижелері туралы мәліметтер БЖЗҚ сайтында ай сайын жарияланып отыратынын түсіндірді.