26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында комитет басшылары сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz .
Андрей Лукин - Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін басқарды.
Асқар Шәкіров - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
Сүйіндік Алдашев - Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Нұртөре Жүсіп - Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.
Әли Бектаев - Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болды.
Бұған дейін Мәулен Әшімбаев қайтадан Сенат спикері болып, Жақып Асанов вице-спикер болып сайланғаны белгілі болды.