Рудныйда тағы да құбыр жарылып, 24 көпқабатты үй жылусыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"26 қаңтар күні сағат 14.00 кезінде Рудный қаласы Горняков көшесіндегі диаметрі 530 мм жылу трассасы жарылған. Оны жөндеу кезінде 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға ғимараттары жылудан ажыратылды", - делінген хабарламада.
Құбыр жарылған жер анықталды. Жылу желісін қалпына келтіру үшін бүкіл қажетті жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта құбырлар жөнделіп жатыр, жылу әлі берілмеген.
Еске салайық, 2023 жылғы 19 қаңтарда да Рудныйдағы дәл осы Горняков көшесінде жылу құбыры жарылып еді, ол кезде де 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй жылусыз қалып еді.