TikTok әлеуметтік желісінде Ақорданың ресми парақшасы пайда болды деп хабарлады turkystan.kz.
Ақпаратты Президенттің баспасөз қызметі растады. TikTok әкімшілігі бұл аккаунтты ресми деп танып, парақшаға «көк белгіні» берген.
Ақорданың ресми аккаунтына 5 мыңнан астам қолданушы жазылған.