28.01.2023, 10:00

«Мас болған». Риддерде әйел екі жасар ұлын балконнан құлатып алды

Фото: pixabay.com
Оқиға 27 қаңтарда болған.

Риддерде әйел үшінші қабаттағы балконнан төменге түсуге тырысқанда екі жасар ұлын құлатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 27 қаңтарда болған.

"Қала тұрғыны мас күйінде құлыптаулы тұрған пәтерден балкон арқылы шығуға тырысып, ұлын қолына ұстаған. Бала үшінші қабаттан құлап түсті", - деп хабарлады ресми ақпарат көзі Noks.kz порталына.

Бала ауыр жарақаттың кесірінен аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.